2025–2026 оқу жылы Қамқоршылық кеңес отырысының қорытындысы
Қамқоршылық кеңес отырысында балабақшаның даму бағыты мен алдағы жұмыстар талқыланды.
Балабақша аумағын абаттандыру, сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру, сырлау және әктеу жұмыстары жүргізіліп, бүлдіршіндер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Жазғы сауықтыру шараларын сапалы ұйымдастыру, балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жоспары талқыланды.
“Жасыл балабақша” пилоттық жобасы аясында өткізілген облыстық, қалалық семинарларға қатысу нәтижелері қорытындыланып, экологиялық тәрбие мен көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән берілді.
Бірлескен жұмыс – жарқын болашақ кепілі!
https://didar-aktobe.kz/kz/am-orshyly-ke-es.html#sigFreeIddd66ab37a9
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Қамқоршылық кеңес құрамын бекіту бұйрығы | |
| 2 | 2025-2026 ож жұмыс жоспары | |
| 3 | № 1 хаттама 2025ж | |
| 4 | № 2 хаттама 2025 ж |
11.12.2026 ж. Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті
Отырыста балабақшадағы тәрбие, білім беру жұмыстары мен материалдық-техникалық база жайлы мәселелер қаралды.
https://didar-aktobe.kz/kz/am-orshyly-ke-es.html#sigFreeId2ff515c356
Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 (Білім министрінің бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123, ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығы) бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес МКҚК №20 “Дидар” балабақшасы 2025-2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
🏫МКҚК №20 “Дидар”балабақшасы, 2025-2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау
📍Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 279 мекен - жайы бойынша жүргізіледі.
📩Электронды мекен - жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
☎️Байланыс телефоны: 8 (7132) 52-23-94.
Қосымша сұрақтар бойынша:
☎️87016570922
👩🏻💻Туребаева Динара Талгатовна
2025 жылдың 22 қаңтарында балабақша әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен отырыс өткізілді. Кеңес мүшелері балалардың өмір сүру жағдайларымен танысып, балалардың тамақтануын,даму жағдайларымен танысты.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Бұйрық | |
| 2 | Жоспар | |
| 3 | Кеңес құрамы | |
| 4 | Хаттама № 1 | |
| 5 | Хаттама № 2 |







