Атауы Жүктеу
1  Бұйрық

 


Қалалық Семинар “Жасыл балабақша-бақыт мекені”


Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 13 ақпан күні «Жасыл балабақша» жобасы аясында Ақтөбе қаласында №20 «Дидар» балабақшасының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша-тұрақты даму жолындағы алғашқы қадам» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Шарада мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие мен адамзаттық құндылықтарын қалыптастыруда инновациялық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсаты көзделді.

Семинар барысында педагогтер экологиялық білім беруді оқу-тәрбие үдерісіне тиімді кіріктіру жолдарын көрсетіп, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жинақтаған озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Жасыл балабақша» жобасының негізгі бағыттары, тәрбиелік-білім беру үдерісіндегі маңыздылығы мен тиімділігі туралы мазмұнды ақпараттар ұсынды.
Семинар аясында:
- кіріктірілген іс-әрекеттер ;
- экологиялық бағыттағы дамытушылық және қимыл-қозғалыс ойындар;
- балалардың қатысуымен дайындалған тәжірибиелік жұмыстар
- зерттеушілік жұмыстар көрсетілді.


Огород на окне
“Лучок-дружок”

Цель: Формировать у детей интерес к природе и труду через выращивание растений на окне; учить наблюдать за ростом растений, ухаживать за ними и понимать, что растениям нужны свет, вода и тепло для роста. Развивать ответственность, любознательность и бережное отношение к природе.

Воспитатель: Иночкина К.В.


№10 ”Шұғыла” ересек тобы

“Терезе алдында бақша” акциясы - Жасыл балабақша жобасы аясында балаларға экологиялық тәрбие беруге арналған қызықты әрі пайдалы шара. Бұл бастама арқылы балалар табиғатты күтіп-баптауды үйреніп, өсімдіктердің қалай өсетінін өз көздерімен бақылайды

Тәрбиешілері:
Игисинова Б.К
Нұрлан Ұ.М


24.04.2026 жылы Облыстық «Жасыл балабақша» жобасы аясында
«Балабақша - табиғатпен үндескен білім ордасы»
тақырыбында балабақшамыздың базасында облыстық семинар жоғары деңгейде өтті.

Семинар барысында:
экологиялық тәрбие бағытындағы тәжірибелер ұсынылды
шығармашылық жұмыстар мен іс-әрекеттер көрсетілді
табиғатты аялауға бағытталған идеялар бөлісілді

Табиғатпен үйлесім таба отырып, жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру - басты мақсатымыз!


«Омарташы фермасы” сюжетті-рөлді ойын алаңы.
Бұл аймақта балалар омарташы мамандығымен танысып, аралардың тіршілігі мен бал өндіру процесін тәжірибе арқылы меңгереді.
Ойын барысында экологиялық тәрбие мен ұжымдық жұмыс дағдылары қалыптасады.


«Шығармашылық алаңы»
Балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін және қол еңбегін дамыту. Түрлі материалдармен (табиғи, қалдық, көркемдік) жұмыс жасау арқылы өз ойын еркін жеткізуге, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және топпен бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.


«Метео алаң» зерттеу аймағы
Бұл аймақта балалар ауа райы құбылыстарын бақылап, қарапайым метеорологиялық құралдармен танысты.
Тәжірибе арқылы қоршаған ортаны тану, бақылау және талдау дағдылары қалыптасты.