“Ақтөбе қаласының білім бөлімі” ММ 2025 жылғы 17 қаңтардағы №40 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік саяасатты іске асыру, мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына тиімді жағдай жасау, ұсынылатын білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында құрылған Мобильді топ жұмыс жоспарына сәйкес №20 “Дидар” балабақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйымның басты құрамдас бөлігі- балабақшаішілік бақылау» тақырыбында қалалық деңгейде мемлекеттік және жеке балабақшалар меңгерушілеріне арналған онлайн/офлайн форматта педагогикалық шеберлік сағаты өтті.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі «BILIM QAZYNA» КММ бөлім меңгерушісі: Г.У. Миндалина, мобилді топ жетекшісі №52 “Құлагер” балабақшасының меңгерушісі Г.С Биртаева, №20 “Дидар” балабақшасының меңгерушісі Д.Т Туребаева және №12 “Інжугүл” балабақшасының меңгерушісі Б.Ж Жетесова,Ж.Х Жанзакова, Б.К Игисинова мектепке дейінгі ұйымдағы бақылаудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Шеберлік сағатын психолог Н.Ж Атагалиева “Көңілді тренинг” әдісімен аяқтады.