Ақтөбе қаласы №20 “Дидар” балабақшасы педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 31.03.2025 ж. №57 және ҚР Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 31.03.2025 ж. №96 бұйрығы) талаптарына сәйкес 16.04-27.04.2026 ж. аралығында http://hr-nobd.edu.kz/ электронды порталы арқылы:
• Тәрбиеші лауазымы бойынша (орыс тобы) тұрақты орынға – 1 вакант, 1.125 бірлікпен және
• Тәрбиеші лауазымы бойынша (қазақ тобы) уақытша мерзімге – 1 вакант, 1.125 бірлікпен қабылдауға конкурс жарияланды.
16.04-27.04. 2026ж. аралығында http://hr-nobd.edu.kz/ электронды порталы арқылы 2 үміткерден өтініш келіп түсіп, ұсынылған құжаттар бойынша комиссия отырысы шешімі негізінде тағайындау бағалау ұсынылды. Уақытша қазақ тобына 1 тәрбиеші қабылданды және тұрақты орыс тобына жарияланған бос орынға келген үміткердің құжаттары №57 бұйрықтың 3 тарауына сәйкес келмеді деп танылды.







