Қажетті құжаттар тізбесі:
► 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; (мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларындағы 3-қосымшаға сәйкес)
► 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
► 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
► 4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
► 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
► 6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
► 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
► 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
► 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
► 10) педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
► 11) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
► 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
▼Құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады
▼ Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күн) конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жариялағаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі







