«Шынықсаң - шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі - спорт. 15 қараша -Ұлттық валюта күні қарсаңында дене шынықтыру жетекшесі А.С Бурибаеваның ұйымдастыруымен балабақша базасында қызметкерлер арасында “Көңілді старт” спорттық жарыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты - ұрпаққа саналы тəрбие беретін ұстаздарды дене шынықтырумен, спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау, көшбасшылықты кеңейту.






