📌Осыдан төрт ай бұрын қаламызда «Үстел теннисі балабақшадан басталады» жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты - 4 пен 6 жас аралығындағы балаларды спортпен шұғылдануға тарту, үстел теннисін зияткерлік және салауатты өмір салты ретінде насихаттау, сондай-ақ өңірде спорттық-бұқаралық жұмысты жандандыру.

🔹Осыған орай, қалалық мәслихаттың √12 сайлау округінің депутаты Абай Сақтағановтың демеушілігімен 8 мөлтек ауданында орналасқан “Дидар” бала-бақшасында үстел теннисінің жабдықтары орнатылды.

🔸Аталған іс-шараға қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанова, облыстық мәслихат депутаты Қайрат Сабыр қатысты.

🔹“Дидар” бала-бақшасында 279 бала тәрбиленіп жатыр. 6 топтың балаларын ертеңгі күннен бастап жаттықтыра бастайды.